МЕЖДУНАРОДНЫЙ ЖУРНАЛ ИНФОРМАЦИОННЫХ И КОММУНИКАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

APPLICATION OF INTELLIGENT DATA ANALYSIS METHODS TO EMPLOYEE INFORMATION PROCESSING USING DUCKDB AND CHROMADB

Авторы

  • Sh. Yelezhanova Атырауский университет имени Х.Досмухамедова
  • Sh. Kodanova

DOI:

https://doi.org/10.54309/IJICT.2025.23.3.009

Ключевые слова:

Vector databases, Semantic search, OLAP analysis, DuckDB, ChromaDB, Employee clustering, Text data analysis

Аннотация

Қызметкерлер туралы мәліметтерді интеллектуалды тұрғыдан талдау қазіргі таңда адами ресурстарды басқару процестерінің цифрландырылуы және құрылымдалған әрі құрылымдалмаған ақпарат көздерін өңдеу қажеттілігінің артуы аясында ерекше өзектілікке ие болуда. Заманауи тәсілдер кестелік деректерді тиімді өңдеумен қатар, қызметкерлердің мәтіндік сипаттамаларынан мағыналық ақпаратты ала алатын шешімдерді ендіруді талап етеді. Алайда, қазіргі қолданыстағы көптеген жүйелерде OLAP-талдау, кластерлеу және семантикалық іздеу мүмкіндіктерін біріктіретін бірыңғай архитектура қарастырылмаған.

Осы зерттеудің мақсаты – DuckDB кіріктірме OLAP деректер қорын басқару жүйесі мен ChromaDB векторлық деректер қорын пайдалану арқылы қызметкерлер туралы мәліметтерді кешенді түрде өңдеуге бағытталған жергілікті аналитикалық ішкі жүйе құрастыру. Бұл мақсат аясында деректерді алдын ала өңдеу, SQL-сұраныстары арқылы агрегаттау, K-means әдісімен қызметкерлерді кластерлеу, мәтіндік сипаттамаларды векторлау және all-MiniLM-L6-v2 моделіне негізделген семантикалық іздеуді ендіру сияқты міндеттер жүзеге асырылды.

Нәтижесінде, қызметкерлер туралы деректерге сандық әрі мағыналық тұрғыдан талдау жүргізуге мүмкіндік беретін бағдарламалық прототип жасалды. Жүйе жергілікті ортада жоғары өнімділікті, персоналды жедел сегменттеуді және табиғи тілдегі сұраныстар бойынша іздеуді сыртқы сервистерге қосылусыз іске асыру мүмкіндігін көрсетті. Сонымен қатар, нәтижелер Yandex DataLens BI платформасында визуализацияланды.

Ұсынылған шешім жоғары деңгейдегі қайталанымдылыққа ие және ішкі HR-талдау, шешім қабылдауды қолдау жүйелері мен ақпараттық-аналитикалық платформалар міндеттеріне бейімдеуге болады. Зерттеу нәтижелері OLAP және векторлық технологияларды бірыңғай жергілікті архитектура шеңберінде біріктіру интеллектуалды кадрлық ақпаратты өңдеу үшін болашағы зор екенін дәлелдейді.

Скачивания

Данные скачивания пока недоступны.

Загрузки

Опубликован

2025-09-15

Как цитировать

Ележанова, Ш., & Коданова, Ш. (2025). APPLICATION OF INTELLIGENT DATA ANALYSIS METHODS TO EMPLOYEE INFORMATION PROCESSING USING DUCKDB AND CHROMADB. МЕЖДУНАРОДНЫЙ ЖУРНАЛ ИНФОРМАЦИОННЫХ И КОММУНИКАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ, 6(3), 145–172. https://doi.org/10.54309/IJICT.2025.23.3.009

Похожие статьи

<< < 14 15 16 17 18 19 20 21 > >> 

Вы также можете начать расширеннвй поиск похожих статей для этой статьи.

Loading...