IOT-ЖЕЛІЛЕРІНДЕГІ БАСЫП КІРУДІ АНЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІНДЕ МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ АНСАМБЛЬДІК ҮЛГІЛЕРІНІҢ БӘСЕКЕЛЕС ШАБУЫЛДАРҒА ТӨЗІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
DOI:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2026.27.3.020Кілт сөздер:
intrusion detection, Internet of Things, machine learning, adversarial attacks, FGSM, XGBoost, Random Forest, LightGBM, ToN-IoT, adversarial training, SHAP - interpretation, шабуылдарды анықтау, заттар интернеті, машиналық оқыту, қарсыластық шабуылдар, FGSM, XGBoost, Random Forest, LightGBM, ToN-IoT, adversarial training, SHAP-интерпретациясыАңдатпа
Бұл жұмыста IoT-желілеріндегі көпкласты шабуылдарды анықтау контекстінде ансамбльдік машиналық оқыту модельдерінің adversarial әсерлерге төзімділігі зерттеледі. Эксперименттік база шабуылдарды анықтау жүйелерін бағалауда кеңінен қолданылатын ToN-IoT деректер жиынтығы негізінде қалыптастырылған. Желілік трафикті көпкласты жіктеу міндетін шешу үшін үш ансамбльдік модель пайдаланылады: XGBoost, Random Forest және LightGBM. Деректерді алдын ала өңдеу кезеңі маңызсыз белгілерді жоюды, категориялық атрибуттарды one-hot encoding әдісімен кодтауды, стандарттауды және деректерді оқыту мен тестілік жиынтықтарға бөлуді қамтиды. Модельдердің тұрақтылығына өлшемділікті азайтудың әсерін талдау мақсатында негізгі компоненттер әдісі (PCA) қолданылады. Модельдердің робастылығын бағалау үшін шабуылдардың екі түрі жүзеге асырылды: Gaussian Noise Attack және FGSM (Fast Gradient Sign Method). Ансамбльдік модельдер дифференциалданбайтын болғандықтан, FGSM үшін adversarial мысалдарды генерациялау transfer-based тәсілін қолданатын суррогаттық нейрондық желі арқылы орындалады. Қосымша ретінде adversarial training әдісі зерттелді, ол оқыту жиынтығын adversarial мысалдармен толықтырып, модельдерді қайта оқытуды қарастырады. Жіктеу сапасы Accuracy және F1-score метрикалары арқылы бағаланып, әртүрлі шу деңгейлері мен perturbation жағдайларындағы көрсеткіштердің төмендеуі талданады. Модельдердің мінез-құлқын интерпретациялау SHAP-талдау көмегімен жүргізіледі. Алынған нәтижелер барлық үш модельдің таза деректердегі жоғары дәлдігін көрсете отырып, adversarial шабуылдар әсерінен сапаның едәуір төмендейтінін дәлелдейді. Қарастырылған әдістер арасында ең жоғары тұрақтылықты Random Forest көрсетті. PCA қолдану модельдердің робастылығын арттыратыны, ал adversarial training FGSM-шабуылдарының әсерін тиімді төмендететіні анықталды. Нәтижелер IoT-ортада сенімді IDS жүйелерін құру үшін adversarial training-пен үйлестірілген ансамбльдік әдістердің перспективалы екенін растайды.
##plugins.themes.default.displayStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en