ӨКПЕ-АУАТАМЫРЛАР АУРУЛАРЫН АНЫҚТАУҒА АРНАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫҢ АНТЕННА ТОРЫНДАҒЫ ЭЛЕМЕНТТЕРДІҢ ӨЗАРА ӘСЕРІН ТӨМЕНДЕТУ
DOI:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2021.07.3.013Аңдатпа
Ұсынылған мақалада өкпе-ауа тамырлар жүйесінің ауруларын анықтауға арналғанг құрылғы
қарастырылады. Осы құрылғының құрылымдық элементтерінің бірі пациенттің көкірегі арқылы өткен
нәтижесінде дем алу спектрі болып шығатын сигналды өткізуге арналаған таратушы мен қабылдаушы
антенналар «матрицасы» болып табылады. Оның негізінде аурудың өту бағыты жайлы қорытынды
жасауға болады. Алайда, тәжірибе өткізгенде антенна торынан сигналды қабылдау нәтижесі теория
бойынша күтілген нәтижеден өзгеше екені анықталды. Көрші байланысқа қатыспаған антенна дипольдері
кезек-кезегімен қосылатын сигнал таратушы антенналарға өз әсерлерін тигізіп тарату диаграммасын
өзгертеді. Осы мақаланың мақсаты көрші байланысқа қатыспайтын антенна дипольдерінің әсерлерін
азайту мақсатында антенна торын MMANA-GAL бағдарламалау ортасында модельдеу болып табылады.
Модельдеу негізінде байланысқа қатыспайтын антенна дипольдерінің фазалық орталарына 0 Ом, 50 Ом
және 1000 Ом жүктемелерін қосу арқылы олардың ортақ тарату диаграммасына әсерін талдау. Нәтижелер,
1000 Ом жүктеме қосу кезінде антеннаның күшейту коэффициентінің біркелкісіздігі нөлдік азимуталдық
бұрышында 0,4 дБ аралығында екені анықталды, бұл нәтижелерді эталонды көрші антенналардың әсері
жоқ мәнге жақындатады.
##plugins.generic.usageStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en