БАҒДАРЛАМАНАТЫН ЛОГИКАЛЫҚ КОНТРОЛЛЕРДЕ (БЛК) ТЕРЕҢ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕРДІ АДАПТИВТІ БАСҚАРУ
DOI:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2024.17.1.001Кілт сөздер:
индустрия 4.0, бағдарламанатын логикалық контроллер, үдерістерді адаптивті басқару, терең оқыту, зияткерлік өндіріс, шынайы уақыт ішінде бейімделу, мәліметтер негізінде оқыту, зияткерлік автоматтандыру, операциялық тиімділік, икемділікАңдатпа
4.0 Индустрия дәуірінде алдыңғы қатарлы цифрлық технологияны өндіріс үдерістеріне кіріктіру операциялық тиімділік пен бейімделгіштікті арттыру үшін басты маңызға ие болуда. Осы зерттеуде терең оқыту алгоритмдерін бағдарламанатын логикалық контроллерге (БЛК) кіріктіру есебінен үдерістерді адаптивтік басқаруға жаңашыл көзқарас ұсынылып отыр, бұл дәстүрлі БЛК-дің қол көмегінсіз жаңа жұмыс шарттарына динамикалық бейімделудегі шектеулерді жоюға мүмкіндік береді. Бұл зерттеу шынайы уақыт ішіндегі мәліметтерді талдау және шешімдер қабылдау үшін терең оқытудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, үдерістердің мәліметтері негізінде БЛК-дің дербес оқытуға, басқару стратегиясын шынайы уақыт ішінде бейімдеуге және өндірістік операцияларды оңтайландыруға мүмкіндік беретін жаңа құрылымды әзірлейді. Әдістемеге БЛК ортасына бейімделген терең оқыту модельдерін дайындау мен енгізу, тікелей БЛК-де мәліметтер негізінде оқыту механизмін дайындау, сондай-ақ шынайы өнеркәсіптік жағдайлардағы жүйенің бейімделгіштігін, тиімділігін және өндіргіштігін жан-жақты бағалау кіреді. Алынған нәтижелер терең оқытуды зияткерлік әрі икемді өндірістік үдерістерді дамыту үшін БЛК негізіндегі жүйелермен ұштастырудың әлеуетін аша отырып, үдерістердің тиімділігі елеулі түрде артқандығын, тұрып қалу уақытының қысқарғанын және жұмыстың өзгеріп тұратын шарттарына бейімделудің жақсарғанын көрсетеді. Осы зерттеу БЛК статикалық бағдарламалау мәселелерін нақты өмірде шешуді ғана ұсынып қоймайды, сонымен бірге 4.0 Индустриядағы автоматтандырудың зияткерлік жүйелерін енгізудің тәжірибелік салдарын түсінуді ұсына отырып, зияткерлік өндіріс технологиялары саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерге жаңа жол ашады.
##plugins.generic.usageStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en