АНАЛИТИКАЛЫҚ ИЕРАРХИЯ ПРОЦЕСІНЕ НЕГІЗДЕЛГЕН АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАСЫН БАҒАЛАУДЫҢ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ТӘСІЛІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2025.23.3.018Кілт сөздер:
ауылшаруашылық техникасы, шешім қабылдау, көпкритерийлі талдау, интеллектуалды ақпараттық жүйе, аналитикалық иерархия процесі (AHP), машина таңдау моделі, өнімділікті арттыруАңдатпа
Ауылшаруашылық техникасын қажетті шаруашылыққа таңдау шешім қабылдау есептерінің күрделі мәселелерінің бірі. Таңдау шешім қабылдаушы тұлғаның экономикалық, әлеуметтік аспектілерін ескеріп, ауылшаруашылығына байланысты айнымалылар жиынын құрайды. Осы ғылыми жұмыстың мақсаты – ауылшаруашылығының өнімділігін арттыру үшін тиімді техниканы интеллекті ақпараттық жүйенің көмегімен таңдау.
Зерттеудің маңыздылығы – ауылшаруашылығы техникасын таңдауда субъективтілікке жол бермейтін, көпкритерийлі шешім қабылдау моделін интеллектуалды ақпараттық жүйенің бір модулі ретінде ұсынуында. Бұл модель ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне, техника жеткізушілеріне аграрлық саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастырушыларға шынайы өлшемге негізделген, дәйекті шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Түпнұсқалық: Зерттеуде нақты техникалық параметрлер негізінде төрт түрлі комбайн аналитикалық иерархия процесі (AHP) әдісі арқылы кешенді бағаланды. Бұл зерттеу бірнеше өлшемді факторларды жүйелеп, олардың маңыздылығын негіздеп, математикалық талдау жасалынды. Осылайша, үйлесімділік коэффицентін есептеу арқылы сараптамалық бағалаулардың дұрыстығы тексерілді, бұл жұмыстың сенімділігін арттырады.
Жаңашылдығы: Зерттеуде Қазақстандағы техникалық деректер сипаттамаларына сүйеніп, машина таңдау процесіне көпкритерийлі бағалау әдісі енгізілді. Бұл тәсіл алдағы уақытта ауылшаруашылығы техникасын сатып алуда, мемлекеттік субсидияларды тиімді бөлуде, логистикалық жоспарлау, аграрлық техника паркін жаңғырту стратегияларына ғылыми негіз бола алады.
##plugins.generic.usageStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en