СПУТНИКТІК КООРДИНАТТАРДЫ ТОПОЦЕНТРЛІК ТІК БҰРЫШТЫ КООРДИНАТТАР ЖҮЙЕСІНЕ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Авторлар

  • М.Б. Нұрпейісова Казахский национальный ислледовательский технический университет им. К.И.Сатпаева
  • Ш.Қ. Айтқазинова Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
  • А.М. Абенов Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті
  • Н.С. Дөненбаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.54309/IJICT.2026.25.1.018

Кілт сөздер:

кен орны, игеру, мониторинг, геодинамикалық полигон, геодезиялық торап, координаттар жүйесі, жерсеріктік жүйе, өлшеу дәлдігін бағалау

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның Ұлытау обылысында кең ауқымды Жыланды кен орындары тобын игеру кезіндегі геодезиялық негізді құрудың әдістемесі қарастырылған. Бұл әдістеме геодезиялық тораптың пландық координаттарын анықтауда спутниктік өлшеулерді қолдануға негізделген. Бұл әдіс жер қойнауын игеру кезінде геодинамикалық полигон (ГДП) құруда және де жобалық шешімдерді нақтылы жерге көшіруге мүмкіндік береді. 

Мақалада топоцентрлік координаталары бар жергілікті тегіс бетті қолданудан тұратын геодинамикалық полигонды қалыптастырудың өзекті ұстанымы ұсынылған. Сонымен қатар, геоцентрлік жүйеден топоцентрлік жүйеге координаталарды ауыстырудың алгоритмдері мен алынған нақтылы нәтижелері келтірілген. Зоналық Гаусс–Крюгер координаталар жүйесін қолданумен салыстырғанда, ұсынылып отырған әдістеменің артықшылықтарына сапалық талдау берілген.

Зерттеу нәтижелері қолданыстағы тау-кен  кәсіпорындарында «Орталық Қазақстанның кен орындарын ауқымды игеру кезінде жер бетінің баяу деформациялық процестерін кешенді мониторингтеу» және «Кен орындарын игеру барысында деформациялық процестерді бағалау және болжау үшін тау жыныстары массивінің геотехникалық жай-күйін мониторингтеудің жоғары тиімді әдістемесін әзірлеу» жобаларын іске асыру кезінде енгізілді, сондай-ақ Satbayev University-дің оқу процесінде пайдаланылды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • М.Б. Нұрпейісова, Казахский национальный ислледовательский технический университет им. К.И.Сатпаева

    «Маркшейдерия және геодезия» кафедрасының профессоры, техникалық ғылымдарының докторы

  • Ш.Қ. Айтқазинова, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

    PhD, «Маркшейдерия және геодезия» кафедрасының қауымдасқан профессоры

  • А.М. Абенов, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

    «Маркшейдерия және геодезия» кафедрасының докторанты

  • Н.С. Дөненбаева, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    «Геодезия және картография» кафедрасының доценті, PhD

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 185

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.