КОЛЛАБОРАТИВТІК СҮЗГІЛЕУ НЕГІЗІНДЕГІ ҰСЫНЫМДЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ-АЛГОРИТМДІК ТӘСІЛДЕРІ

Авторлар

  • Камка Утеулиева Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университет
  • B.Z. Kenzhegulov Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университет
  • T.A. Karazhigitova Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университет
  • H.İ. Bülbül Гази университеті
  • Z.Zh. Zhanuzakova Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университет

DOI:

https://doi.org/10.54309/IJICT.2026.26.2.023

Кілт сөздер:

recommender system, collaborative filtering, mathematical model, algorithmic support, preference matrix, k-nearest neighbors, cosine similarity measure, ranking, personalization

Аңдатпа

Мақалада коллаборативтік сүзгілеу әдісіне негізделген ұсынымдық жүйенің математикалық-алгоритмдік қамтамасыз етілуі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі цифрлық контент көлемінің артуымен және пайдаланушылар үшін жекелендірілген ұсынымдарды автоматтандырылған түрде қалыптастыру қажеттілігімен байланысты. Пәндік сала ретінде фильмдерге арналған ұсынымдық жүйе қарастырылады, алайда ұсынылған модель басқа объектілерге де, атап айтқанда тауарларға, кітаптарға, музыкалық композицияларға, білім беру ресурстарына және ақпараттық материалдарға қолданылуы мүмкін.

Негізгі назар пайдаланушы қалауларын сипаттайтын математикалық модельді құруға, бағалау матрицасын қалыптастыруға, объектілер арасындағы ұқсастықты анықтауға және ұсынымдарды ранжирлеу алгоритмін әзірлеуге аударылады. Жұмыста коллаборативтік сүзгілеудің item-based тәсілі қолданылады, бұл тәсілде ұсынымдар пайдаланушылардың бағалары негізінде есептелетін объектілер арасындағы ұқсастыққа сүйене отырып қалыптастырылады. Жақындық өлшемі ретінде косинустық ұқсастық өлшемі, ал ең жақын объектілерді іздеу үшін k жақын көрші алгоритмі қолданылады.

Ұсынылған тәсіл ұсынымдық жүйені тек бағдарламалық іске асыру ретінде ғана емес, сонымен қатар толық емес және сиретілген деректерді өңдеуге арналған математикалық-алгоритмдік модель ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Модель пайдаланушылар жиынын, объектілер жиынын, қалаулар матрицасын, ұқсастық функциясын, ең жақын объектілерді таңдау ережесін және Top-N ұсынымдарын қалыптастыру процедурасын қамтиды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Камка Утеулиева, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университет

    Физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы

  • B.Z. Kenzhegulov, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университет

    Техника ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы

  • T.A. Karazhigitova, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университет

    Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы

  • H.İ. Bülbül, Гази университеті

    PhD, профессор, Гази білім беру факультеті, Компьютерлік және оқыту технологиялары кафедрасы

  • Z.Zh. Zhanuzakova, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университет

    Магистр, Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 302

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.