МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БҰЛТТЫ СЕРВИСТЕРІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Авторлар

  • Г.А. Шангытбаева Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
  • А.Н. Аманов Қожа Ахмет Яссауи атын. Халықаралық Қазақ–Түрік Университеті
  • М.К. Исенова Шәкәрім Университеті
  • Г.Е. Берикханова Шәкәрім Университеті
  • Қ.О. Шакерхан Шәкәрім университеті

DOI:

https://doi.org/10.54309/IJICT.2026.27.3.028

Кілт сөздер:

бұлтты есептеулер, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік сектор, киберқауіптер, виртуалдау, Hyper–V, тәуекелдерді бағалау

Аңдатпа

Бұл мақалада мемлекеттік органдардың бұлтты сервистеріндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, тәуекелдерді бағалау әдістері және қорғау стратегиялары қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі зерттеу жұмысының ғылыми-танымдық мәнін айқындайтын негізгі фактор ретінде бұлтты есептеу технологияларының үш деңгейлі моделі – SaaS (бағдарламалық қамтамасыз ету қызмет ретінде), PaaS (платформа қызмет ретінде) және IaaS (инфрақұрылым қызмет ретінде) – аясындағы экономикалық тиімділік пен мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қойылатын қатаң реттеушілік қауіпсіздік талаптары арасындағы туындайтын дихотомиялық қайшылықтан туындап отыр. Мемлекеттік сектор субъектілерінің бұлтты есептеу инфрақұрылымына интеграциялануы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен байланысты операциялық шығындарды оңтайландыру және электрондық үкімет институтының функционалдық тиімділігін арттыру мақсатындағы стратегиялық басымдық ретінде қарастырылады. Алайда, бұл процесс деректердің құпиялылығына, тұтастығына және қолжетімділігіне байланысты жаңа қауіптер мен тәуекелдерді туғызады. Зерттеу барысында бұлтты сервистердегі киберқауіптердің бес негізгі класы (дәстүрлі атакалар, функционалды атакалар, клиентке атакалар, виртуалдауға атакалар, кешенді атакалар) талданды. Виртуалды инфрақұрылымды қорғаудың заманауи әдістері (гипервизорды қорғау, виртуалды машиналарды көшіруді қадағалау, басқару жүйелерін қорғау) сипатталды. Болашақтың бұлтты қауіпсіздік технологиялары – самозащищенные деректер және сенімді мониторлар қарастырылды. Зерттеудің өзектілігі бұлтты инфрақұрылымдарға бағытталған кибершабуылдар жиілігінің артуымен және ұлттық ерекшелікті ескеретін гибридті орталар үшін тәуекелдерді бағалаудың бірыңғай әдістемелерінің болмауымен расталады. Зерттеу нысаны мемлекеттік басқару контурындағы бұлтты сервистер, пәні – тәуекел факторларын бағалау әдіснамасы және көп деңгейлі қорғау архитектурасын құру тәсілдері болып табылады. Жұмыстың мақсаты – тәуекелдерді бағалаудың адаптивті моделін әзірлеу және мемлекеттік бұлтты платформалар үшін практикалық қорғау стратегияларын тұжырымдау.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Г.А. Шангытбаева, Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

    PhD доктор, қауымдастырылған профессор

  • А.Н. Аманов, Қожа Ахмет Яссауи атын. Халықаралық Қазақ–Түрік Университеті

    PhD доктор

  • М.К. Исенова, Шәкәрім Университеті

    Педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушысы

  • Г.Е. Берикханова, Шәкәрім Университеті

    ф–м.ғ.д., профессор

  • Қ.О. Шакерхан, Шәкәрім университеті

    PhD доктор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-15

Журналдың саны

Бөлім

АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРҒА АРНАЛҒАН

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 112

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.