ФИЛЬМДЕРДІ ҰСЫНУ ЖҮЙЕСІН ҚҰРУ КЕЗІНДЕГІ КОЛЛАБОРАТИВТІК СҮЗГІЛЕУДІҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Авторлар

  • Нургуль Шаждекеева Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
  • A. Mukhanbetkaliyeva Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • A. Abdigaliyeva Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
  • А. Zhanekeshova Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті
  • L. Nurgaliyeva Saidot Ltd.

DOI:

https://doi.org/10.54309/IJICT.2026.27.3.024

Кілт сөздер:

ұсыну жүйесі, коллаборативтік сүзгілеу, математикалық модель, k-NN, косинустық ұқсастық, талғам матрицасы, сирек матрица, MovieLens

Аңдатпа

Мақалада фильмдерді ұсыну жүйелерін құру кезінде қолданылатын математикалық модельдер қарастырылады, негізгі назар коллаборативтік сүзгілеу әдістеріне аударылады. Сирек бағалау матрицасы негізінде пайдаланушылардың талғамын болжау есебі формалданған. User-based және item-based модельдер, Евклидтік жақындық өлшемі, Пирсон корреляциясы, косинустық ұқсастық және Жаккар коэффициенті, сондай-ақ k ең жақын көрші моделі мен матрицалық жіктеу әдістері салыстырылған. Практикалық бөлім косинустық метрика мен CSR форматындағы деректерді ұсынуды қолданатын item-based коллаборативтік сүзгілеудің бағдарламалық іске асырылуына негізделген. Эксперименттік деректер жиыны 610 пайдаланушының 9 724 бағаланған фильмге берген 100 836 бағасын қамтиды. Модельдің орнықтылығын арттыру үшін шектік сүзгілеу қолданылды: оқыту іріктемесіне кемінде 20 бағасы бар фильмдер және кемінде 40 бағасы бар пайдаланушылар енгізілді. Үш пайдаланушы профилі бойынша жүргізілген тексеру қалыптастырылған тізімдердің басым жанрға 100% сәйкес келетінін, басым жанры бірдей екі пайдаланушының ұсынымдары арасында сәйкестіктердің жоқ екенін және орташа косинустық қашықтықтың 0,096-дан 0,116-ға дейінгі аралықта болғанын көрсетті. Алынған нәтижелер модельдің жеке бағалау үлгілерін ескеру қабілетін растайды, алайда тірек фильмді таңдауға тәуелділікті және SVD, ALS және гибридті модельдермен одан әрі салыстыру қажеттігін де көрсетеді.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Нургуль Шаждекеева, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

    физика-математика ғылымдарының кандидаты, Математика және математиканы оқыту әдістемесі кафедрасының профессоры

  • A. Mukhanbetkaliyeva, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    Техника ғылымдарының кандидаты, Цифрлық ғылымдар және жасанды интеллект институты, Ақпараттық қауіпсіздік кафедрасының қауымдастырылған профессоры

  • A. Abdigaliyeva, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

    Магистр, Ақпараттық технологиялар факультетінің аға оқытушысы

  • А. Zhanekeshova, Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті

    Магистр, Ақпараттық технологиялар факультетінің аға оқытушысы

  • L. Nurgaliyeva, Saidot Ltd.

    Магистр, жасанды интеллект қауіпсіздігі, машиналық оқыту және үлкен тілдік модельдер жөніндегі инженер

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 203

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.

Осы автордың (немесе авторлардың) ең көп оқылатын мақалалары