ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДА ДАТА НЕГІЗІНДЕ БАЯНДАУДЫ ЕНГІЗУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН МҮМКІНДІКТЕРІН ЗЕРДЕЛЕУ

Авторлар

  • Ж. Анитова Университет им. Сулеймана Демиреля
  • А. Еркінбай University named after Suleiman Demirel, senior lecturer

DOI:

https://doi.org/10.54309/IJICT.2023.13.1.001

Кілт сөздер:

дата журналистика, тренд, тренинг, ресурс, медиа, диалог., журналистика данных, тренд, обучение, ресурс, СМИ, диалог., data journalism, trend, training, resource, media, dialogue

Аңдатпа

Аңдатпа. Жаңа технологиялардың дамуы журналистика саласына да жаңа үдерістер әкелуде. Солардың қатарында дата журналистика да бар. Мақалада «Дата журналистика» ұғымына анықтама беріліп, Қазақстан медиаөндірісінде қолданылу деңгейіне сараптама жүргізіледі.

Автор дата журналистикасы қоғамға назардан тыс қалуы мүмкін маңызды ақпаратты ұсынуға көмектесетін құрал екендігін әлемдік тәжірибе аясында түсіндіреді. Сонымен бірге Отандық жаңалықтар қызметіндегі датаны қолдану аясын және журналистердің осы бағыт бойынша кәсібилік мәселесін де зерттеуге алған.

Медиамандардың ашық датаны кәсіби деңгейде қолдана алмау себептерін, осыған қатысты редакция саясаты мен сандық ақпар беретін бірнеше саланы қамтуға қауқарлы қазақтілді ашық дереккөздер қатарын арттыру мәселесі де назарға алынады.

Қазақстан журналистері үшін бұл жаңа машық болғанымен, қызығушылық жоғары. Кәсіби біліктілік жетілдіріліп, редакция тарапынан қолдау көрсетілсе, медаөнімдер сапасының артып, аудитория қызығушылығын тудыратын өнімдердің болатындығын шет мемлекеттер тәжірибесі негізінде тұжырымдайды.

 

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2023-03-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Журналдың саны

Бөлім

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В РАЗВИТИИ СОЦИО-ЭКОНОМИЧЕСКИХ СИСТЕМ
Loading...