БАЛА ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ҚАЗАҚ ЛИНГВИСТИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ ДӘСТҮРЛЕРІН ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕ ҚҰРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2025.21.1.007Кілт сөздер:
дәстүр, ұлттық негіз, тілдің қалыптасуы, эквиваленттілік қатынас, ақпаратты іздеу, табиғи тіл, ақпараттық жүйеАңдатпа
«Қазақ лингвистикасының негізіне айналған дәстүрлердің бала дамуына әсері» атты ақпараттық жүйесін жасау – ұлттық тәрбие мен қазақ тіліне негізделген құндылықтарды заманауи технологиялар арқылы балаларға жеткізуге бағытталған зерттеу. Бұл жүйе қазақ халқының бай салт-дәстүрлері мен ауыз әдебиетін (ертегілер, мақал-мәтелдер, аңыздар) бала тәрбиесіне енгізуді көздейді.
Зерттеу аясында дәстүрлер мен тілдің өзара байланысы, олардың баланың интеллектуалдық, тілдік және рухани дамуына ықпалы қарастырылады. Ақпараттық жүйе арқылы балаларға қазақ халқының ұлттық тәрбиесін жеткізудің тиімді жолдары ұсынылады. Мобильді қосымшалар немесе веб-платформалар арқылы балалар күнделікті өмірде қолданатын гаджеттерді пайдалана отырып, тілді үйрену, салт-дәстүрлермен танысу және танымдық ақпаратты алу мүмкіндігіне ие болады.
Жүйе балаға қазақ лингвистикасының негіздерін түсінуге және тілдік дағдыларын дамытуға көмектесетін интерактивті оқыту құралдарын қамтиды. Мақсаты — қазақ дәстүрлерін сақтау және насихаттау арқылы тілді дамытуға үлес қосу, ұлттық болмысты жас ұрпаққа жеткізу және олардың рухани қалыптасуына әсер ету.
##plugins.generic.usageStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en