АЙМАҚТЫҚ ДАМУҒА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАРДЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ ҮШІН ГИБРИДТІ МОДЕЛЬДІ ҚОЛДАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2025.22.2.001Аңдатпа
Бұл мақалада әлеуметтік-экономикалық факторлардың өңірлік дамуға әсерін зерттеуде гибридті модельді қолдану қарастырылады. Бұл тәсіл корреляциялық талдауды, негізгі компоненттер талдауын (PCA) және бұлыңғыр логиканы біріктіреді. Зерттеудің мақсаты – халық саны, жұмыспен қамту, негізгі капиталға инвестициялар сияқты факторлар арасындағы көпөлшемді және сызықты емес байланыстарды ескеретін модель әзірлеу және олардың өңірлік әлеуметтік-экономикалық үдерістерге әсерін бағалау. Негізгі деректер ретінде халық саны (431 192 адам), орташа айлық жалақы (2 658 658 теңге), негізгі капиталға салынған инвестициялар (1 646 258 теңге) және жұмыспен қамтылған халық (1 929 мың адам) көрсеткіштері пайдаланылды. Зерттеу нәтижелері халық санының экономикалық үдерістерге оң әсер ететінін көрсетті, оның әсер ету коэффициенті 3,28, ал негізгі капиталға салынған инвестициялардың әсер ету коэффициенті 3,44. Гибридті модель әрбір фактордың ықпалын жоғары дәлдікпен бағалауға мүмкіндік берді. Бұл әдісті қолдану өңірлік экономикалық даму стратегияларын жетілдіруге және деректерге негізделген басқару шешімдерін қабылдауға көмектеседі. Зерттеу нәтижелері гибридті әдістердің өңірлік даму саясаты үшін маңыздылығын көрсетеді, өйткені олар өңірлік әлеуметтік-экономикалық үрдістерді кешенді түрде талдауға және нәтижелердің сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
##plugins.generic.usageStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en