АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДА ПЕРНЕТАҚТАДА ТЕРУ ҮЛГІСІН ТАЛДАУҒА АРНАЛҒАН НЕЙРОЖЕЛІЛІК МОДЕЛЬДЕРДІ ҚОЛДАНУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2025.22.2.009Кілт сөздер:
пайдаланушыны аутентификациялау, пернетақтада теру үлгісі, биометрия, нейрожелілік модельдер, LSTM, GRU, мінез-құлықтық биометрия, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі, терең оқыту.Аңдатпа
Мақалада пайдаланушыларды биометриялық аутентификациялау мақсатында пернетақтада теру ерекшеліктерін талдауға арналған нейрожелілік модельдердің жүйелендірілген шолуы ұсынылған. LSTM, GRU, CNN, трансформерлер және сиамдық желілер секілді архитектуралар қарастырылып, олардың артықшылықтары мен шектеулері талданады. Пайдаланушының мінез-құлқындағы өзгерістерге төзімділігі жоғары және дәлдігі арттырылған гибридті модельдерге ерекше назар аударылған. Ашық және нақты пайдаланушылардың деректер жиынтығына негізделген түрлі тәсілдердің салыстырмалы талдауы ұсынылып, тиімділіктің негізгі көрсеткіштері – дәлдік, FAR және FRR – талқыланған. Нейрожелілік әдістер аутентификация сенімділігін айтарлықтай арттыратыны көрсетілген, алайда оларды бейімдеу және биометриялық деректерді қорғау бағыттарында қосымша зерттеулер қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін арттыруда нейрожелілік шешімдердің әлеуетін көрсетеді.
##plugins.generic.usageStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en