EDGE-СИСТЕМА АКУСТИЧЕСКОГО МОНИТОРИНГА ПРИРОДНЫХ СИГНАЛОВ НА БАЗЕ RASPBERRY PI И МЕТОДОВ ЦИФРОВОЙ ОБРАБОТКИ СИГНАЛОВ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2025.24.4.018Кілт сөздер:
акустикалық мониторинг, Raspberry Pi, сигналдарды цифрлық өңдеу, STA/LTA, вейвлет талдау, биоакустика, сейсмоакустикаАңдатпа
Мақалада Raspberry Pi микрокомпьютеріне негізделген акустикалық мониторинг жүйесінің жүзеге асырылуы қарастырылған. Жүйе сигналдарды нақты уақыт режімінде жергілікті түрде өңдеуді қамтамасыз етеді. Дайындалған алгоритм акустикалық деректерді алдын ала өңдеу, статистикалық және спектралды-вейвлеттік талдау әдістерін, сондай-ақ қысқа және ұзақ мерзімді энергияның қатынасына (STA/LTA) негізделген оқиғаларды анықтау тәсілін біріктіреді.
Жүйе Python кітапханалары (NumPy, SciPy, PyWavelets, SQLite3) көмегімен іске асырылған және синтетикалық пен нақты акустикалық деректерде сыналды. Жүргізілген сынақтар Raspberry Pi құрылғысының екі сағаттан астам үздіксіз жазба кезінде жадтың ағып кетуінсіз және процессордың орташа жүктемесі 30 %-дан аспайтын жағдайда тұрақты жұмыс істейтінін растады.
Алынған нәтижелер ұсынылған архитектураның есептеу және энергия ресурстары шектеулі жағдайда биоакустикалық және сейсмоакустикалық мониторингтің автономды станцияларын құруға жарамды екенін көрсетті. Болашақта жүйенің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында сымсыз байланыс модульдерін және акустикалық оқиғаларды интеллектуалды жіктеуге арналған машиналық оқыту алгоритмдерін біріктіру жоспарлануда.
##plugins.generic.usageStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en