МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ БҰЛТТЫ СЕРВИСТЕРІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2026.27.3.028Кілт сөздер:
бұлтты есептеулер, ақпараттық қауіпсіздік, мемлекеттік сектор, киберқауіптер, виртуалдау, Hyper–V, тәуекелдерді бағалауАңдатпа
Бұл мақалада мемлекеттік органдардың бұлтты сервистеріндегі ақпараттық қауіпсіздік мәселелері, тәуекелдерді бағалау әдістері және қорғау стратегиялары қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі зерттеу жұмысының ғылыми-танымдық мәнін айқындайтын негізгі фактор ретінде бұлтты есептеу технологияларының үш деңгейлі моделі – SaaS (бағдарламалық қамтамасыз ету қызмет ретінде), PaaS (платформа қызмет ретінде) және IaaS (инфрақұрылым қызмет ретінде) – аясындағы экономикалық тиімділік пен мемлекеттік ақпараттық ресурстарға қойылатын қатаң реттеушілік қауіпсіздік талаптары арасындағы туындайтын дихотомиялық қайшылықтан туындап отыр. Мемлекеттік сектор субъектілерінің бұлтты есептеу инфрақұрылымына интеграциялануы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен байланысты операциялық шығындарды оңтайландыру және электрондық үкімет институтының функционалдық тиімділігін арттыру мақсатындағы стратегиялық басымдық ретінде қарастырылады. Алайда, бұл процесс деректердің құпиялылығына, тұтастығына және қолжетімділігіне байланысты жаңа қауіптер мен тәуекелдерді туғызады. Зерттеу барысында бұлтты сервистердегі киберқауіптердің бес негізгі класы (дәстүрлі атакалар, функционалды атакалар, клиентке атакалар, виртуалдауға атакалар, кешенді атакалар) талданды. Виртуалды инфрақұрылымды қорғаудың заманауи әдістері (гипервизорды қорғау, виртуалды машиналарды көшіруді қадағалау, басқару жүйелерін қорғау) сипатталды. Болашақтың бұлтты қауіпсіздік технологиялары – самозащищенные деректер және сенімді мониторлар қарастырылды. Зерттеудің өзектілігі бұлтты инфрақұрылымдарға бағытталған кибершабуылдар жиілігінің артуымен және ұлттық ерекшелікті ескеретін гибридті орталар үшін тәуекелдерді бағалаудың бірыңғай әдістемелерінің болмауымен расталады. Зерттеу нысаны мемлекеттік басқару контурындағы бұлтты сервистер, пәні – тәуекел факторларын бағалау әдіснамасы және көп деңгейлі қорғау архитектурасын құру тәсілдері болып табылады. Жұмыстың мақсаты – тәуекелдерді бағалаудың адаптивті моделін әзірлеу және мемлекеттік бұлтты платформалар үшін практикалық қорғау стратегияларын тұжырымдау.
##plugins.generic.usageStats.downloads##
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en