KPI КӨРСЕТКІШТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ТАБИҒИ ТІЛ МОДЕЛЬДЕРІНЕ АРНАЛҒАН ШЫҒЫС МАРШРУТТАУЫНЫҢ АДАПТИВТІ ЖҮЙЕСІ

Авторлар

  • Ардак Ахметова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Дина Байжанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
  • Жанат Алишева Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Бекнұр Шаймов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.54309/IJICT.2026.27.3.009

Кілт сөздер:

адаптивная маршрутизация вывода, оптимизация вычислительных затрат, , многоуровневая классификация текстов, обработка естественного языка, динамическое распределение ресурсов, KPI-управляемый каскад, модели различной сложности

Аңдатпа

Мақалада мәтіндерді көпкласты жіктеу міндетіне арналған, болжам сенімділігінің деңгейіне қарай жеңіл, орташа және күрделі модельдерді ретімен қолданатын KPI-ге бағдарланған каскадты маршрутизатор ұсынылған. Зерттеудің өзектілігі қолданбалы табиғи тілді өңдеу (NLP) жүйелерінде жіктеу дәлдігі мен есептеу шығындарын өзара үйлесімді басқару қажеттілігімен айқындалады. Мұндай жүйелерде тек ең дәл модельдерді пайдалану жауап беру уақыты мен инференс құны тұрғысынан көбіне тиімсіз болып табылады. Эксперименттер құрамында 11 967 ғылыми мәтін бар WOS-11967 корпусында жүргізілді. Параметрлерді дұрыс баптау және тәуелсіз бағалау үшін VAL және FINAL ішкі жиындары бөлек пайдаланылатын екі кезеңді хаттама қолданылды. Жеңіл, орташа және күрделі модельдер мәтінді ұсыну тәсілі мен есептеу күрделілігі бойынша ерекшеленеді, ал олардың арасындағы маршруттау сенімділік шектеріне негізделеді. Жеңіл және орташа модельдер үшін сенімділік шешім функциясының ең жоғары екі мәнінің айырмасы ретінде анықталды. Шекті мәндер бюджет шектеуін ескере отырып, α параметрі арқылы VAL жиынында таңдалды. Алынған нәтижелер ұсынылған каскадтың күрделі модельмен салыстырғанда инференсті жеделдетуге мүмкіндік беретінін және дәлдіктің қалыпты төмендеуі жағдайында сапа мен есептеу құны арасындағы басқарылатын тепе-теңдікті сақтайтынын көрсетеді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған тәсілді дәлдік, жылдамдық және ресурстық шектеулер арасындағы теңгерім маңызды болып табылатын жүйелерде қолдану мүмкіндігімен байланысты.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Ардак Ахметова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    PhD, Жасанды интеллект және үлкен деректер кафедрасының қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы

  • Дина Байжанова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Жасанды интеллект кафедрасының аға оқытушысы

  • Жанат Алишева, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

    PhD, қауымдастырылған профессор, Ақпараттық технологиялар кафедрасының меңгерушісі

  • Бекнұр Шаймов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

    Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің Жасанды интеллект кафедрасы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-15

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 206

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.