ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҮЛГЕРІМІН ЕСЕПКЕ АЛУДЫ АВТОМАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЫНАУ

Авторлар

  • Толғанай Чинибаева IITU
  • Нұрсейіт Таймас
  • Елара Жексенкадыр

DOI:

https://doi.org/10.54309/IJICT.2022.11.3.001

Кілт сөздер:

үлкен деректер, деректер ғылымы, рейтинг, автоматизация, Pandas, Python

Аңдатпа

Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан білім беру саласына, атап айтқанда білім сапасын арттыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлуде [1]. Сапалы білім алу халықтың барлық топтарына қолжетімді. Соған орай студенттердің үлкен ағынының үлгерімін бақылауда оқытушыларға артық салмақ түсірмей, қалай бақылауға болады деген мәселені көтеру өзекті болып отыр.

Білім беру мекемелерінің жұмысын ұйымдастыру үлкен ақпарат ағындарымен сипатталады, оның ішінде білім алушылардың үлгерімін есепке алумен байланысты [2]. Көптеген құжаттарды толтырумен байланысты оқытушылардың күнделікті жұмысын ақпараттық технологияларды енгізу арқылы жоюға болады. Сонымен қатар, ақпараттық-іздестіру жүйелері мен деректер қорын пайдалану деректерді өңдеуді айтарлықтай жеңілдетеді және шешім қабылдауды тездетеді.

Білім беру үдерісінде ақпараттық жүйелердің артықшылықтарын пайдаланудың өзектілігі білім сапасын арттыру, білім беру ортасының ашықтығын қамтамасыз ету, оқу үдерісінің барлық қатысушылары үшін қолжетімді және ыңғайлы жүйені құру мүмкіндігімен айқындалады [3].

Мақала Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің оқу процесіне студенттердің үлгерімін бағалау жүйесін автоматтандыруға арналған.

Жүйені құрудың жалпы тәсілдері мен принциптері, рейтинг құрылымы, студенттердің оқу іс-әрекетін басқару ерекшеліктері, сонымен қатар педагогикалық ұжым жұмысының аспектілері сипатталған. ЖОО-ның автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде оқыту нәтижелерін есепке алуды автоматтандыру мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Жүктеулер

Жарияланды

2022-09-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Журналдың саны

Бөлім

РАЗРАБОТКА ПРОГРАММНОГО ОБЕСПЕЧЕНИЯ И ИНЖЕНЕРИЯ ЗНАНИЙ
Loading...