ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ: САПАНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ЖАЙ-КҮЙІНЕ, СЫН-ТЕГЕУРІНДЕРІНЕ ЖӘНЕ ПРОБЛЕМАЛАРЫНА ШОЛУ
DOI:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2021.07.3.012Аңдатпа
Бұл шолу жасау Erasmus+ «KUTEL» жобасын іске асыру нәтижелері бойынша дайындалды.
Заманауи кезеңдегі электронды оқытуға анықтама берілді, онлайн-оқытудың негізгі артықшылықтарын
көрсететін ғылыми жарияланымдарға, онлайн-оқыту студентінің бейініне шолу жасалды. Онлайн оқытуды
қоса алғанда, білім беру қызметтерінің әлемдік нарығының 2025 жылға дейінгі көлемінің болжамы
ұсынылды. АҚШ, Үндістан, Қытай, Австралия және Жаңа Зеландия, Сауд Арабиясы, Африка елдерінің
мысалында интернеттегі оқытудың қазіргі жағдайы мен проблемалары келтірілген. Дипломдарды
мойындаудан бастап, оқытудың қауіпсіздігі мен сапасы, инфрақұрылымға қызмет көрсету қажеттілігі, тіл
оқыту курстарының шектеулілігі және т. б. сияқты электронды оқытудың кеңінен таралуына кедергі
келтіретін қиындықтар мен кедергілер сипатталған.
Әр түрлі ұйымдар мен елдердің электрондық оқыту сапасының стандарттарын зерттеу - бұл
қолданыстағы сапа стандарттарының заңды міндетті сипаты жоқ екендігін, сондықтан оқу орындары
өздерінің онлайн- оқыту сапасын бағалау үшін өз еркімен анықтайтын индикаторлар мен стандарттар
ретінде қызмет ететінін көрсетті. Ғылыми басылымдарға шолу негізінде түрлі зерттеушілер онлайн-
оқытудың сапасын көрсететін әртүрлі аспектілерд бөлек алып қарастыратыны белгілі болды. Әдеби шолу
негізінде институционалдық және мемлекеттік деңгейлерде онлайн-оқыту сапасын қамтамасыз етудің
негізгі бағыттары ұсынылған.
##plugins.generic.usageStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 International Journal of Information and Communication Technologies
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en