ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ 2020 жылдан бастап шығарылады

Құрылтайшысы және баспагері: «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ (Алматы қ.).

Халықаралық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар журналы Қазақстан Республикасы ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің ақпарат комитетінде тіркелген, тіркеу туралы куәлік: 20.02.2020 жылы № KZ82VPY00020475

Басылым ISSN (International Standard Serial Number) Халықаралық орталығында тіркелген:

ISSN: 2708–2032 (print),

ISSN: 2708–2040 (online)

Қазіргі инфокоммуникациялық технологияны ғылыми мәнде пайдалануды одан әрі белсендіруді және соның негізінде жаңа зерттеу танымын, гуманитарлық білімнің сандық (digital humanities) жаңа тәсілін қалыптастыруды және желілік технологияларды танымал ету құралы ретінде желілік технологияларды қолданбалы пайдалану, қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жаңа парадигмасын қалыптастыру, Қазақстан мамандарының кең ауқымы үшін соңғы әзірлемелер мен зерттеулер жүргізу мақсатында.

Келесі бағыттары бойынша  жарияланады: ақпараттық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, коммуникациялық технологиялар және әлеуметтік-экономикалық жүйелерді дамытудағы цифрлық технологияларға арналған.

Журналдың редакциялық саясаты Қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы, жаңа әзірлемелерінің нәтижелерін танымал етуге, сарапшылар мен жас ғалымдар тарапынан жарияланым қызметін өзектендіруге бағытталған.

Журналдың мақсаты — Халықаралық ақпараттық және коммуникациялық технологиялар журналы – ашық ғылыми пікірталас үшін, оның ішінде интернет желісінде жалпыға қолжетімді жағдай жасау; кәсіби тәжірибе алмасуға және зерттеу нәтижелері мен жаңа әдістемелерді, пәнаралық тәсілдерді таратуға ықпал ету; беделді ғалымдарды, докторанттарды, ізденушілерді, коммуникациялық технологияларға қызығушылық танытатын ғылыми нәтижелерді жариялауға ынталандыру.

Журналдың міндеттері:

- бұрын жарияланбаған және басқа журналда жариялау үшін ұсынылмаған түпнұсқа жоғары сапалы ғылыми мақалалар шығару.

- авторлық құқыққа қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын және жариялау этикасы бойынша әлемдік практикада жалпы қабылданған ережелерді сақтауға

- ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы жаңа жетістіктердің нәтижелерін жариялау.

Журнал мақалалары CrossRef МБ-да тіркеледі, әр мақалаға дәйексөз алу мақсатында электрондық құжаттарға шығу үшін DOI – сандық сәйкестендіргіші беріледі.

Журнал "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ (ҰМҒТСО) дәйексөздеудің Қазақстандық дерекқорында индекстеледі.

Редакциялық алқа құрамына Хирш индексі 2-ден кем емес Қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар кіреді.

Мақалалар журналдың сайтында таңдау бойынша үш тілдің бірінде, аннотациялар міндетті түрде үш тілде орналастырылады.

Мақалалардың түпнұсқалығын тексеру «StrikePlagiarism» лицензиялық жүйесі арқылы, компаниямен келісімшарт негізінде жасалады.

Журнал Қазақстандық және шетелдік ғалымдармен, ғылыми ұжымдармен, білім және ғылым мекемелерімен ынтымақтастық үшін ашық.

Журналды шығару мерзімділігі – жылына төрт рет

Редакцияның мекен-жайы:

Редакцияның мекен-жайы: 050040, Алматы қ-сы, Манас к-сі, 34/1, 709-кабинет

Тел: +7 (727) 330-85-63 (ішкі нөм. 2093).

Е-mail: ijict@iitu.edu.kz

Журнал сайты: https://journal.iitu.edu.kz

This work is licensed under a Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 International License