ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

Мамандардың кең ауқымы үшін жаңа идеяларды, ғылым мен техника мәселелерін, соңғы әзірлемелер мен зерттеулерді қамту



Құрметті авторлар!

«Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті» АҚ-ның ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ — редакциясы журналдың мақсатына және ғылыми сапа талаптарына сәйкес келетін, бұрын жарияланбаған қолжазбаларды ғана қабылдайды. Сондай-ақ, автор(лар) ілеспе құжатты электронды нұсқада жолдайды.
Мақала қолжазбасы редакцияға ТЕК журнал сайтының интерфейсі арқылы онлайн жүктеу негізінде жіберіледі. Ол үшін журналдың https://journal.iitu.edu.kz сайтында "Тіркеу" бөлімінде тіркелу қажет, немесе тіркелу болған жағдайда "Кіру" түймесін басып, "Пайдаланушы аты" және "құпия сөз" бос жолын толтыру арқылы жүйеге кіріңіз Талаптарға сәйкес ресімделген қолжазба мәтіні «Мақаланы жіберу» бөлімінде электрондық форматта орналастыру негізінде (dos, docx, rtf кеңейтімдерімен) жүктеліп, жолданады (қараңыз: Материалдарды енгізуге арналған нұсқаулық). Әрбір автор журналдың веб-сайтында тіркелуі керек және тіркелген логин мен парольді өзіне сақтап алуы қажет.
ЕСКЕРТУ: Сайтқа жүктелмеген мақала қолжазбасы қаралуға қабылданбайды. Редакторлардың жеке электрондық пошталарына немесе журналдың электрондық поштасына жіберілген мақалалардың мәтіндері қарастырылмайды.
Авторлар міндетті түрде Оpen Journal system жүйесіндегі ілеспе хатта жіберілетін қолжазба бұрын еш жерде жарияланбағанын және оның ішінде сілтемелерсіз басқа жұмыстардан алынған мәтін үзінділері жоқ екенін көрсетуі керек.
Қолжазбаның түпнұсқалығы «StrikePlagiarism» жүйесінде алдын ала тексеріледі және бірегейлік дәрежесі 80 пайыздан (%) жоғары нәтиже көрсеткен мақала мәтіні құпия рецензенттерге жіберіледі. Автор(лар) құпия рецензенттің ескертулерін open Journal system сайты арқылы қадағалау мүмкіндігіне ие болады, соған сәйкес мақаланы рецензенттердің ескертулері негізінде түзетіп/толықтыра алады. Оң пікір берілгенін де автор open Journal system сайтының жеке кабинетінен көре алады. Мақала жариялауға ұсынылмаған жағдайда редакция авторға дәлелді бас тартуды жібереді.
Авторлар келтірілген тарихи деректердің, дәйексөздердің, статистикалық және әлеуметтік деректердің, жеке атаулардың, географиялық атаулардың және басқа да мәліметтердің іріктелуі мен нақтылығына жауап береді.

1. Ғылыми мақаланың қолжазбасын рәсімдеу ережесі:
1.1 Мақала көлемі А4 форматта, негізгі мәтіннің шрифтісі – Times New Roman. 1 аралық, азат жол – 1 см, негізгі мәтін 12 шрифтпен, түйін сөздер, әдебиеттер тізімі 10 шрифтпен, кестелер мәтіні 10 шрифтпен жазылған, 3500 сөзден кем емес және 5000 сөзден аспайтын қолжазбалар қабылданады.
1.2 Сол жағы 3 см, оң жағы – 1 см., төменгі және жоғары жағы – 2 см.
1.3 Негізгі мәтін Word редакторында теріледі.
1.4 Әдеби дереккөздерге сілтеме жасау үшін жақша қолданылады, мысалы: (Аскарова, 20110: 15).
1.5 Стильдің біркелкілігі үшін мәтінде қаріп таңдауларын (курсив, астын сызу және т.б.) пайдаланбаңыз.
1.6 Кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. кезекпен нөмірленген және тақырып берілген негізде иллюстрация астына, ортасына (14 кегль, қалыпты) ұсынылады (Мысалы, 1-кесте – кесте атауы (егер қолжазба қазақ немесе орыс тілінде жазылған болса, тік жақшаның [...] ішінде ағылшын аудармасы қоса беріледі.)). Мәтінде бір ғана сурет болса, нөмірленбейді. Кестелер, сызбалар, суреттер және т.б. мақала көлемінің 20 %-нан артпауы қажет (аса қажеттілік туындаса 30 % дейін).

2. Мақаланың құрылымы:

2.1 ҒТАХР нөмірі – ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық айдары, туралау – сол жақ шеті бойынша, қаріп – қалың;
2.2 Мақаланың атауы (тақырыбы) мақаланың мәні мен мазмұнын көрсетіп, оқырманның назарын аударуы керек. Тақырып қысқа, мазмұнды болуы керек. Тақырыптың оңтайлы ұзындығы – 5-7 сөз (кейбір жағдайларда 9-10 сөз). Олар қалың қаріпті үлкен әріптермен, жолдың сол жақ шетінен ұсынылады.
2.3 Мақаланың автор(лар)ы туралы мәлімет:
- аты-жөні (толық) кіші әріптермен, жолдың сол жақ шетінен қалың қаріппен жазылады, * жұлдызша (*) түріндегі үстіңгі таңбамен корреспондент-автор ерекшеленуі тиіс;
- жұмыс орны (аффилиация): ұйымның атауы, мекенжайы (халықаралық стандартқа сәйкес ресімделеді: үй, көше, индексі бар қала, ел). Егер бірнеше автор болса, үстіңгі таңбалармен (1, 2, 3) көрсетіледі;
- ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі;
- ORCID id (зерттеушінің бірегейлік идентификаторы). Е-mail.
2.4 Аңдатпа. Көлемі 100-150 сөз және құрылымы келесі МІНДЕТТІ тармақтарды қамтиды:
- Зерттеу тақырыбына кіріспе;
- Мақсаты мен міндеттері;
- Нәтижелер;
- Қорытынды.
2.5 Түйін сөздер – 5-7 сөзден тұрады;
2.6 Алғыс. Егер мақала ғылыми қордың қаржылық қолдауымен немесе ғылыми жоба аясында орындалса, қаржыландыратын ұйымның және жоба атауы мен қаржыландыру бағыты (базалық, гранттық немесе нысаналы-бағдарламалық т.б.), мемлекеттік тіркеу нөмірі (ЖТН) көрсетілген мәліметтер беріледі; Сондай-ақ, автор(лар) мақаланың қолжазбасын дайындау кезінде кеңестеріне жүгінген кеңесшілерге (қалауы бойынша) алғыс білдіреді т.б.
2.7 Дәйексөз үшін: автор(лар)дың Тегі А.Ә. Мақаланың атауы / ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ. Жыл. Т. № . Б. мақала тілі (Қаз).; (журналдың болжамды нөмір), https://doi.org/10.54309/IJICT.2023.13.1.001.
Назар аударыңыз! Мақала құрылымында көрсетілген ұстанымдар – ҒТАХР, мақаланың атауы, авторлар туралы мәліметтер, аңдатпа, түйін сөздер, алғыс, дәйексөз әр жолдың сол жақ шетінен және ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде кезекпен ұсынылады.
2.8 Негізгі мәтін бөлімдерге бөлініп беріледі - Кіріспе келесі негізгі элементтерден тұрады:
Тақырыпты таңдаудың негіздемесі; тақырыптың немесе мәселенің өзектілігі. Ізашарлардың тәжірибесін сипаттау негізінде тақырыпты таңдауды негіздеу кезінде проблемалық жағдайдың болуы (қандай да бір зерттеулердің болмауы, жаңа объектінің пайда болуы және т.б.) туралы хабарланады.
Тақырыптың өзектілігі осы объектіні зерттеуге деген жалпы қызығушылықпен анықталады, бірақ бар сұрақтарға толық жауаптардың болмауы тақырыптың теориялық немесе практикалық маңыздылығымен дәлелденеді.
Берілген зерттеудің объектісін, тақырыбын, мақсаттарын, міндеттерін, әдістерін, тәсілдерін, гипотезасы мен мағынасын анықтау. Зерттеудің мақсаты тезисті дәлелдеумен, яғни автордың таңдаған аспектісінде зерттеу тақырыбын ұсынумен байланысты болуы керек.
- Материалдар мен зерттеу әдістері. Әдістеме материалдар мен жұмыс барысын сипаттаудан, сондай-ақ қолданылған әдістердің толық сипаттамасынан тұруы керек. Ғылыми әдістеме мыналарды қамтуы керек: зерттеу сұрақтары; ұсынылған гипотеза (тезис); зерттеу кезеңдері; зерттеу әдістері.
Зерттеу материалының сипаттамасы оны сапалық және сандық тұрғыдан ұсынуды қамтиды. Материалдың сипаттамасы — тұжырымдар мен зерттеу әдістерінің дұрыстығын анықтайтын факторлардың бірі.
Бұл бөлімде мәселенің қалай зерттелгені сипатталады: бұрын жарияланған қорытындыларды қайталамай-ақ егжей-тегжейлі ақпарат; материалдар мен әдістерді пайдалану кезінде жаңалықты міндетті түрде көрсете отырып, дереккөздерді анықтау және жаңадан анықталған архивтік және басқа жазбаша материалдардың сипаттамасы қолданылады.
- Талқылау (әдебиеттерге шолу) бөлімінде — зерттелетін тақырып бойынша іргелі және жаңа еңбектер, соның ішінде ағылшын тіліндегі шетелдік авторлар, осы еңбектерді олардың ғылыми үлестері тұрғысынан талдау, сондай-ақ автордың өз мақаласында толықтыратын осыған дейінгі зерттеулердегі олқылықтар қамтылуы тиіс.
Жұмысқа қатысы жоқ көптеген сілтемелердің немесе автор(лар)дың жетістіктері туралы орынсыз пайымдауларға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ.
- Нәтижелер. Бұл мақаланың маңызды бөлімдерінің бірі. Онда автор өз зерттеуінің нәтижелерін талдау және алдыңғы жұмыстармен және қорытындылармен салыстыра талқылауы қажет. Зерттеу барысында алынған нәтижелер бойынша қорытындылар келтіріледі, зерттеу объектісінің мәні ашылады.
- Қорытынды — осы кезеңдегі жұмысты түйіндеу; автор айтқан тұжырымның ақиқатын растау және алынған нәтижелерді ескеру негізінде, ғылыми білімнің өзгеруі туралы автордың қорытындысы. Қорытындылар дәйексіз болмауы керек, олар келесі жұмыстың ұсыныстарын / даму бағыттарын сипаттай отырып, белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін жалпылауға бағытталуы керек.
Қорытынды құрылымы келесі сұрақтарды қамтуы керек: зерттеудің мақсаттары мен әдістері қалай жүзеге асырылады? Қандай нәтижелер алынды? Қандай тұжырымдар бар? Нәтижелерді енгізудің практикалық қолдану мен даму болашағына ұсынар мүмкіндіктері қандай?
2.9 Әдебиет бөлімі.
- Библиографиялық тізім алфавиттік тәртіпте әдебиеттерге немесе дереккөздерге (түпнұсқа тілінде әрі тек мәтінде пайдаланылған) негізделген кемінде 15 сілтемені құрауы тиіс.
- References (транслитерацияда егер сілтеме ағылшын тілінде болмаса, жақша ішінде ағылшын тіліндегі мағынасы беріледі). Егер қазақ тілінен аударылса, сілтеме соңында (In Kaz.) деп көрсетіледі.
Ескерту! Транслитерация үдерісін автоматтандырылған бағдарламалық жасақтаманы (http://www.translit.ru) пайдалану негізінде жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Дегенмен, қол жеткізген транслитерация нәтижесін автор қайта тексеріп, қажетті түзетулер енгізуі тиіс.
«References» – ағылшын тіліндегі библиографиялық ақпарат, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің транслитерациясы. Бұл бөлімде латын тілінде жазылмаған, барлық әдебиеттер роман тілді латын алфавитінің көмегімен транслитерация жасалған пайдаланылған жұмыстардың тізімі беріледі. Содан кейін тік жақша ішінде сілтеме берілген еңбектің атауы ағылшын тілінде аударылып жазылады, ал соңында тік жақша ішінде деректің түрнұсқада жазылған тілі көрсетіледі [Іn Kazakh / In Russian]. Кітаптан дәйексөз келтірілген жағдайда баспаның атауы (егер бұл мекеменің атауы болса) және басылған орны ағылшын тіліне аударылады, ал қалған барлық жағдайларда – транслитерацияланады.
Талаптарға сай безендірілмеген мақалалар қолжазбасы жариялауға жіберілмейді.
Жауапты редактор: Р.Ж. Мрзабаева
Редакцияның мекен-жайы: 050040, Қазақстан Республикасы

Алматы қаласы, Манас к-сі, 34/1, 709-кабинет

Тел: +7 (727) 244-51-09.

Е-mail: ijict@iitu.edu.kz

Журнал сайты: https://journal.iitu.edu.kz

Loading...