ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ



Материалды жіберу үшін сізге Кіру немесе Тіркелу қажет.

Материалды редакцияға жіберер алдындағы дайындық тізімі

Жіберу процесінің бөлігі ретінде авторлар олардың ұсыныстары келесі тармақтардың барлығына сәйкес келетінін тексеруі керек, ал егер олар осы талаптарға сәйкес келмесе, авторларға қайтарылуы мүмкін.
  • Мәтін Авторларға арналған нұсқаулықта сипатталған стилистикалық және библиографиялық талаптарға сәйкес келеді, оны «Журнал туралы» бетінде табуға болады.
  • Бұл материал бұрын жарияланбаған, сондай-ақ қарау және басқа журналда жариялау үшін ұсынылмаған (немесе редакторға арналған түсініктемелерде оған түсініктеме берілген).
  • Материалмен бірге файл OpenOffice, Microsoft Word немесе RTF құжаты форматында ұсынылған.
  • Мүмкіндігінше сілтемелер үшін толық интернет-мекенжайлар (URL) келтірілген.
  • Мәтін бір жоларалық аралықпен терілген; 12 тармақтағы қаріп кегелі пайдаланылады; бөлектеу үшін астын сызу емес, курсив пайдаланылады (URL мекенжайларын қоспағанда); барлық иллюстрациялар, графиктер және кестелер

Авторларға арналған нұсқаулық

Мақаланы жариялауға жіберу тек «journal.iitu.edu.kz» электрондық ғылыми журналы» журналының сайты арқылы онлайн жүйесінде жасалады.

Мақала электрондық форматта (doc, docx, rtf) тек автор профиліндегі журнал сайтының интерфейсі арқылы жүктеледі. Ол үшін автор журналдың journal.iitu.edu.kz сайтында тіркелуі керек (қараңыз: Мақаланы жіберу бойынша нұсқаулық).

Мақаланың техникалық безендірілуі

Мақаланың қолжазбасында келесі ақпарат берілуі қажет:

  •  Мақаланың ҒТАХР (МРНТИ);
  •  Мақаланың атауы;
  •  Авторлар туралы ақпарат – аты-жөні, аффиляциясы (жұмыс орны, қала, мемлекет), ORCID iD нөмірі, e-mail;
  •  Аннотация;
  •  Түйін сөздер;
  •  Мақаланың негізгі мәтіні;
  •  Мақаланың соңында ескертулер (қажет болса);
  •  Әдебиеттер тізімі;
  •  «References» латындандырылған әдебиеттер тізімі.

Ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторы (ҒТАХР) – ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикаторынаналынған мәліметтер, оның шеңберінде зерттеу жүргізілген ғылыми білімнің саласын көрсетеді. Сол жақтың жоғарғы бұрышында орналасады.

Келесі жолда мақаланың тақырыбы бас әріптермен, қою қалың қара қаріппен жазылады.

Келесі жолда авторлар туралы мәліметтер беріледі:

Жаңа жол ортасында авторлардың аты-жөні (толық), кіші әріптермен, шрифті қалың қаріппен. Егер бірнеше автор болса, негізгі авторды көрсете отырып, мәліметтері көрсетіледі (негізгі автордың аты-жөні бірінші тұрады). Жол үсті таңбалармен (1), (2) аффиляция белгіленеді (жұмыс орны, қала, мемлекет). Барлық авторлардың электронды поштасы жазылады, ал байланыс авторының поштасының алдына жұлдызша (*) белгісі қойылады. Мысалы: Ж. Досбаев1, *, Л. Илипбаева2, А. Сулиман1». Екі автор бір мекемеден болғандықтан екеуіне де (1) жоғарғы белгісі қойылды.

Бір жаңа жол тастап, реттік нөміріне қарай аффиляция бойынша (жұмыс орны, қала, мемлекет) толық мәлімет беріледі. Әр жол үсті таңбасының (1) мәліметтері жаңа жолдан жазылады.

Бір жаңа жол тасталып (*) жол үсті таңбасына автор-корреспондент түрінде анықтама беріледі.

Келесі жолда барлық авторлардың электрондық адрестері жазылады.

Автордың жанына оның ID профиліне сілтеме болатын ORCID iD нөмірі қойылуы керек (Мысалды қараңыз).

Аннотация – ­мақаланың мазмұнын, қойылған мәселені және зерттеудің мақсатын ашады, маңызды фактілерді, автордың негізгі дәлелдері мен ұстанымын, сондай-ақ зерттеудің нәтижелерін көрсетеді. Аннотацияға ұсынылатын көлемі 100–150 сөз.

Түйін сөздер – бұл мақалада ең маңызды болып табылатын және зерттеу тақырыбы мен саласын мүмкіндігінше дәл сипаттайтын сөздер. Олар мақаланың мазмұнын ашатын негізгі ұғымдар, мәселелер, географиялық терминдер және басқа аспектілерді қамтиды. Түйін сөздер ретінде жалғыз сөздер мен сөз тіркестерін қолдануға болады. Ұсынылған түйін сөздер саны 5–7.

ҒТАХР, мақала атауы, авторлар туралы мәліметтер, түйіндеме, түйін сөздер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.

Мақаланың негізгі мәтіні төмендегідей:

  1. Кіріспе (зерттеу мәселесінің өзектілігі);
  2. Материалдар мен әдістер (зерттеу жұмысының мақсатына жету әдістері);
  3. Талқылау (осы тақырыппен зерттеулер жүргізген ғалымдар еңбектеріне шолу);
  4. Нәтижелер (мақаланың негізгі бөлігі);
  5. Қорытынды;
  6. Алғыс (егер мақала ғылыми қордың қаржылық қолдауымен орындалса);

Мәтінге қатысты ескертпелер сол беттің соңында берілу керек.

Дереккөздерге сілтеме жасау үшін мәтінде дөңгелек жақша пайдаланылады, онда: егер монография болса – автордың тегі, шыққан жылы және қос нүкте арқылы пайдаланылған беттің нөмірі келтіріледі (Аскаров, 2023: 106).

Библиографиялық тізім мақаланың соңында «Әдебиеттер тізімі» бөлімінде алфавиттік ретпен нөмір келтіріледі.

Әдебиеттер тізімі бөлімінде мақаланы жазу кезінде әдебиеттер алфавиттік ретпен нөмір келтірілуі керек және кемінде 20 сілтемеден тұруы қажет, соңғы бірнеше жыл ішінде белгілі зерттеушілер жариялаған зерттеу тақырыбындағы өзекті еңбектерді қамтуы шарт (ағылшын тіліндегі дереккөздерді қосуды ұмытпаңыз).

«References» – ағылшын тіліндегі библиографиялық ақпарат, пайдаланылған әдебиеттер тізімінің транслитерациясы. Бұл бөлімде латын тілінде жазылмаған, барлық әдебиеттер латын алфавитінің көмегімен транслитерация жасалған пайдаланылған жұмыстардың тізімі беріледі. Содан кейін қисық жақша ішінде сілтеме берілген еңбектің аты ағылшын тілінде аударылып жазылады, ал соңында тік жақша ішінде деректің түрнұсқада жазылған тілі көрсетіледі (Іn Kazakh / In Russian). Кітаптан дәйексөз келтірілген жағдайда баспаның атауы (егер бұл мекеменің атауы болса) және басылған орны ағылшын тіліне аударылады, ал қалған барлық жағдайларда – транслитерацияланады.

Графиктер, суреттер мен фотолар мәтінде бірінші рет айтылғаннан кейін, жақшада сілтеме жасалып, қойылады. Бір мақалада жалпы 5 иллюстрацияға дейін рұқсат етіледі. Суреттердің атауы астыңғы жағына «Сурет 1, 2, 3…» деп реттік нөмірімен жазылады. Әрбір кестенің үстінде «Кесте 1, 2, 3…» деп реттік нөмірімен атауы көрсетіледі. Мәтінде кездесетін жалғыз сурет немесе кесте нөмірленбейді.

Техникалық талаптары:

Мәтін Word редакторында теріледі, Times New Roman шрифті, өлшемі – 12, интервалы бір.

Шеттері: үстіңгі және астыңғы жағы – 2 см, сол жағы – 3 см, оң жағы – 1 см.

Абзацтың бірінші жолының шегінісі – 1 см.

Беттер нөмірленуі керек.

Материалдардың көлемі:

Мақаланың көлемі: аннотация, әдебиеттер тізімі, ескертулерді қоса есептегенде 4000-7000 сөз аралығында.

Пікірдің (рецензия) көлемі: – 5001000 сөз. Рецензияланатын кітаптың шығу деректері толық келтірілуі тиіс (баспаны қоса алғанда, беттер саны, сондай-ақ жинақтарға қатысты жауапты редакторлардың немесе құрастырушылардың аты-жөндері).

Талаптарға сай безендірілмеген мақалалар қолжазбасы жариялауға жіберілмейді.

Үлгі:

ҒТАХР 02.10

ОҚИҒАЛАРДЫ АУДИОСИГНАЛДАР НЕГІЗІНДЕ  ТЕРЕҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ НЕГІЗІНДЕ АНЫҚТАУ

 

Ж. Досбаев1,*, Л. Илипбаева2

1Ө.А. Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институты, Алматы, Қазақстан;

2Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Алматы, Қазақстан.

*Автор-корреспондент

E-mail: zh.dosbayev@satbayev.university (Досбаев), l.ilipbayeva@iitu.edu.kz (Илипбаева)

Аннотация. Мәтін, мәтін, мәтін ……

Түйін сөздер: мәтін, мәтін, мәтін ……

Мақала ҚР ҒЖБМ № АР……… жобасын іске асыру аясында орындалды

Мақала атауы, авторлар туралы ақпарат, түйіндеме, кілт сөздер үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын).

Мақаланың негізгі мәтіні: Мәтін / Текст / Text

Кіріспе. Мәтін / Текст / Text

Материалдар мен әдістер. Мәтін / Текст / Text

Талқылаулар. Мәтін / Текст / Text

Нәтижелер. Мәтін / Текст / Text

Қорытынды. Мәтін / Текст / Text

Әдебиеттер тізімі

Кулеченко К.В., Левченко А.Л. (2020). Виртуальная экскурсия, как одна из современных форм организации процесса обучения общей биологии //Сб. статей Всероссийских с международным участием студенческих Герценовских чтений «Проблемы биологического и экологического образования школьников и студентов». 2020. ―С. 72-78. [in Russ.].

Избасарова Р.Ш. (2017). Организация самостоятельной работы учащихся на уроках биологии// Наука и мир. – Волгоград. ― Т. 4. ― №3(31). ― С. 79–81. [in Russ.].

References

Almenayeva R.U., Doszhanov B.A., Kurmanbayev R.H., Tileubay S.Sh., Geldymamedova E.A. (2024). Effectiveness of using mental maps using the Mindomo mobile application in the training of biology teachers. International Journal of Educational Reform. 2024. ― 5(2), ― 297–315. https://doi.org/10.1177/105678792312247 [in Eng].

 

Журнал бөлімдері

    int(0) [] int(0) [] int(0) []

Құпиялық туралы мәлімдеме

Осы журналдың сайтында енгізілген электрондық пошта аттары мен мекен-жайлары тек осы журналда көрсетілген мақсаттар үшін қолданылады және қандай да бір басқа мақсаттар үшін пайдаланылмайды немесе басқа адамдар мен ұйымдарға ұсынылмайды. 

Loading...