ҮШ НҮКТЕЛІ ШАРТЫ БАР ЕЛЕУЛІ ТҮРДЕ ЖҮКТЕЛГЕН ДИФФЕРЕНЦИАЛДЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖҮЙЕСІНІҢ САНДЫҚ ШЕШІМІ ТУРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.54309/IJICT.2022.10.2.009Кілт сөздер:
шеттік есеп, жүктелген дифференциалдық теңдеу, көпнүктелі шарт, сандық әдіс, параметрлеу әдісіАңдатпа
Үш нүктелі шарты бар елеулі түрде жүктелген жәй дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін сызықтық шеттік есеп қарастырылады. Қарастырылып отырған есеп үш нүктелі шарты бар жүктелген жәй дифференциалдық теңдеулер үшін сызықтық шеттік есепке келтіріледі. Д.С.Жұмабаевтың параметрлеу әдісі негізінде үш нүктелі шарты бар жүктелген жәй дифференциалдық теңдеулер үшін шекті есепті шешудің сандық әдісі әзірленді және оны жүзеге асыру алгоритмі ұсынылды. Аралықты бөлу және қосымша параметрлерді енгізу арқылы жүктелген жәй дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есеп параметрі бар эквивалентті шеттік есепке келтіріледі. Параметрлері бар эквивалентті шеттік есеп параметрлері бар жәй дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін Коши есебінен, үш нүктелі шартынан және жалғау шартынан тұрады. Параметрлері бар жәй дифференциалдық теңдеулер жүйесі үшін Коши есебінің шешімі дифференциалдық теңдеудің фундаменталдық матрицасын қолдана отырып құрылады. Құрылған шешімнің тиісті нүктелеріндегі мәндерді үш нүктелі шартқа және жалғау шарттарына қойып, параметрлерге қатысты сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесі құрылады. Құрылған жүйені шешуге негізделген үш нүктелі шарты бар елеулі түрде жүктелген жәй дифференциалдық теңдеулер үшін шеттік есепті шешудің сандық әдісі ұсынылған. Ұсынылған сандық әдіс мысалмен көркемделген.
##plugins.generic.usageStats.downloads##
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2022 ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.
https://creativecommons.org/licenses/by-nc-nd/3.0/deed.en