ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ

ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЖІКТЕУДЕГІ ФРАГМЕНТАЦИЯНЫ ЕҢСЕРУ: ИНТЕГРАТИВТІ КӨПӨЛШЕМДІ МОДЕЛЬ

Авторлар

  • Куралай Ермагамбетова ЕНУ им Л.Н.Гумилева
  • Айсулу Сарсекеева
  • Е. Ахласов «Алматыбасжоспары» ғылыми зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.54309/IJICT.2026.27.3.005

Кілт сөздер:

цифрлық мәдени мұра, көпөлшемді модель, цифрландыру, цифрлық мұрағат, born-digital, цифрлық ақпараттық портал, ГИС-карта

Аңдатпа

Аңдатпа. Цифрландыру, үшөлшемді модельдеу, виритуалды және толықтырылған шынайылық, цифрлық мұрағаттау және платформалық сақтау технологияларының қарқынды дамуы цифрлық мәдени мұраның ауқымын едәуір кеңейтті. Қазіргі цифрлық мәдени мұра құрамына цифрлық ортада бастапқыда жасалған веб-сайттар, цифрлық өнер туындылары, интерактивті инсталляциялар, бейнеойындар, виртуалды мұражайлар және кеңістіктік модельдер кіреді. Сонымен қатар, оларды жіктеуге арналған қолданыстағы тәсілдер әлі де фрагменттелген күйінде қалып отыр. Цифрлық мәдени мұраның мәдени, техникалық, функционалдық және институционалдық сипаттарын бір мезгілде ескеруге мүмкіндік беретін бірыңғай аналитикалық моделі әлі қалыптасқан жоқ. Зерттеудің мақсаты – цифрлық мәдени мұраны жіктеудің интегративті көпөлшемді моделін әзірлеу. Зерттеу халықаралық нормативтік құжаттарды, мәдени мұра, цифрлық мұра, мұрағаттау және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы заманауи ғылыми еңбектердің тұжырымдамалық талдауға, сондай-ақ қолданыстағы жіктеу, ақпараттық және функционалдық модельдерді салыстыруға негізделген.

Зерттеу нәтижесінде өзара байланысты бес өлшемнен тұратын модель ұсынылады. Бірөлшемді типологиялардан айырмашылығы, модель бір цифрлық объектіні бірнеше параметр бойынша бір мезгілде сипаттауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл мәдени функцияларды, институционалдық тиесілікті, әлеуметтік маңыздылықты және тұрақтылықты анықтауға жағдай жасайды.

##plugins.generic.usageStats.downloads##

##plugins.generic.usageStats.noStats##

Жарияланды

2026-09-15

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ермагамбетова, К., Сарсекеева, А., & Е. Ахласов. (2026). ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЖІКТЕУДЕГІ ФРАГМЕНТАЦИЯНЫ ЕҢСЕРУ: ИНТЕГРАТИВТІ КӨПӨЛШЕМДІ МОДЕЛЬ. ХАЛЫҚАPАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖУРНАЛЫ, 7(3). https://doi.org/10.54309/IJICT.2026.27.3.005

Журналдың саны

Бөлім

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В РАЗВИТИИ СОЦИО-ЭКОНОМИЧЕСКИХ СИСТЕМ

##plugins.generic.recommendBySimilarity.heading##

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 > >> 

##plugins.generic.recommendBySimilarity.advancedSearchIntro##

Loading...