ЦИФРЛЫҚ МӘДЕНИ МҰРАНЫ ЖІКТЕУДЕГІ ФРАГМЕНТАЦИЯНЫ ЕҢСЕРУ: ИНТЕГРАТИВТІ КӨПӨЛШЕМДІ МОДЕЛЬ

Авторлар

  • Куралай Ермагамбетова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Айсулу Сарсекеева «Алматы бас жоспары» ғылыми зерттеу институты
  • Е. Ахласов Научно-исследовательского института «Алматы ген план»

DOI:

https://doi.org/10.54309/IJICT.2026.27.3.005

Кілт сөздер:

цифрлық мәдени мұра, көпөлшемді модель, цифрландыру, цифрлық мұрағат, born-digital, цифрлық ақпараттық портал, ГИС-карта

Аңдатпа

Аңдатпа. Цифрландыру, үшөлшемді модельдеу, виритуалды және толықтырылған шынайылық, цифрлық мұрағаттау және платформалық сақтау технологияларының қарқынды дамуы цифрлық мәдени мұраның ауқымын едәуір кеңейтті. Қазіргі цифрлық мәдени мұра құрамына цифрлық ортада бастапқыда жасалған веб-сайттар, цифрлық өнер туындылары, интерактивті инсталляциялар, бейнеойындар, виртуалды мұражайлар және кеңістіктік модельдер кіреді. Сонымен қатар, оларды жіктеуге арналған қолданыстағы тәсілдер әлі де фрагменттелген күйінде қалып отыр. Цифрлық мәдени мұраның мәдени, техникалық, функционалдық және институционалдық сипаттарын бір мезгілде ескеруге мүмкіндік беретін бірыңғай аналитикалық моделі әлі қалыптасқан жоқ. Зерттеудің мақсаты – цифрлық мәдени мұраны жіктеудің интегративті көпөлшемді моделін әзірлеу. Зерттеу халықаралық нормативтік құжаттарды, мәдени мұра, цифрлық мұра, мұрағаттау және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы заманауи ғылыми еңбектердің тұжырымдамалық талдауға, сондай-ақ қолданыстағы жіктеу, ақпараттық және функционалдық модельдерді салыстыруға негізделген.

Зерттеу нәтижесінде өзара байланысты бес өлшемнен тұратын модель ұсынылады. Бірөлшемді типологиялардан айырмашылығы, модель бір цифрлық объектіні бірнеше параметр бойынша бір мезгілде сипаттауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл мәдени функцияларды, институционалдық тиесілікті, әлеуметтік маңыздылықты және тұрақтылықты анықтауға жағдай жасайды.

##plugins.themes.default.displayStats.downloads##

##plugins.themes.default.displayStats.noStats##

Автор өмірбаяндары

  • Куралай Ермагамбетова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    Философия докторы (PhD), философия кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а.

  • Айсулу Сарсекеева, «Алматы бас жоспары» ғылыми зерттеу институты

    Ғылыми қызметкер

  • Е. Ахласов, Научно-исследовательского института «Алматы ген план»

    Кіші ғылыми қызметкер

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-15

Журналдың саны

Бөлім

ЦИФРОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В РАЗВИТИИ СОЦИО-ЭКОНОМИЧЕСКИХ СИСТЕМ

Ұқсас мақалалар

1-10 тен 219

Бұл мақала үшін Кеңейтілген нұсқалар бойынша ұқсас мақалаларды іздеу.